Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы тұрғыны жер аламын деп алданып қалды

Танысын 2,5 млн теңгеге алдап кеткен түркістандық Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды, – деп хабарлайды Paryz.kz., Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны жер аламын деп алданып қалды
Сурет иллюстрация: olx.kz

Түлкібас ауданы ПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 соттық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 млн теңгеге жуық ақшасын алғанын көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түлкібастық сақшылар хабар алысымен күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Жан-жақты іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Полицейлер істің ақ-қарасын ажырату мақсатында күдікті ер адамды Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.