Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар облысында өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды

Өртті тек 4,5 сағаттан соң ғана өшіру мүмкін болды. 

Павлодар облысында өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды
фото: дерекөз

27 желтоқсан күні сағат түнгі 2-де Павлодар облысы Ертіс ауданында құтқарушыларға өрт туралы хабар түскен. Онда тұруға арналмаған ғимаратты жалын шарпығаны айтылған. Тексеру барысында оқиға орнынан 51 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz, Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Ленин ауылында орналасқан шаруа қожалығы аумағындағы ғимаратта болған. Өңірлік ТЖД оның тұруға арналмаған ғимарат екенін айтты. Ақырында құрылыс нысаны түгелімен өртеніп кетті, өрт аумағы 105 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін Ертіс ауданының орталық аудандық ауруханасына 53 жастағы зардап шегуші жатқызылды. Ғимараттың кіреберісіндегі дәлізде 51 жастағы ер адамның өртенген денесі табылды, - деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті тек 4,5 сағаттан соң ғана өшіру мүмкін болды. Мамандар төтенше жағдайдың себебі мен залалын анықтап жатыр.