Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұйғыр ауданында болған үйлену тойында жас жігітті өлтіріп кетті

Күдіктінің айтуынша, ол тойда алкогольді ішімдік ішкен.

Ұйғыр ауданында болған үйлену тойында жас жігітті өлтіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Ұйғыр ауданында үйлену тойы кезінде төбелес шығып, артынша жас жігіт көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kz.

12 желтоқсан орталық аудандық ауруханадан Ұйғыр ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне пышақ жарақатынан қайтыс болған Шарын ауылының 26 ​​жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне "Кісі өлтіру" бабы бойынша тіркелді.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Шарын ауылындағы жергілікті мейрамханада той кезінде қонақтар арасында ауызша кикілжің орын алып, оның соңы жанжалға ұласқанын анықтады.

Нәтижесінде 26 жастағы тұрғын пышақпен ауылдасының кеуде тұсынан сұғып алған. Жарақаттан жас жігіт көз жұмған. Қылмыс құралы табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына енгізілді, - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің айтуынша, ол тойда алкогольді ішімдік ішкен.

Таныстарының жанжалын көрген ол үнемі өзімен бірге алып жүретін жиналмалы пышағын суырып алып, жанжалдасып жүргендерге қарай бет алған. Жәбірленуші оны тоқтатуға тырысқан. Ол ашуланып, оның жүрегіне пышақ сұққан. Күдікті істеген ісіне өкініп отыр, - деді полиция.

Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде ұсталғанға екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбады.