Өртті ауыздықтау үшін жетпістен астам қызметкер мен он сегіз техника жұмылдырылған.
Алматыда "Ақ-Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде пәтерлер өртеніп, 120-дан астам адам эвакуацияланды деп хабарлайды Paryz.kz.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, техника мен өрт сөндіру қызметкерлері 23:58-де Брусиловский көшесі, 167 мекен жайы бойынша жіберілген. Кейін "Ақ-бұлақ-2" тұрғын үй кешенінің 6-7, 17-18 қабаттары өртенгені белгілі болды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды, гидранттарға цистерна орнатылды. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайту үшін түтін тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды, - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД.
Өртті ауыздықтау үшін жетпістен астам қызметкер мен он сегіз техника жұмылдырылған. Тұрақта тұрған жеке көліктердің көптігі кедергі болғанына қарамастан, өрт сөндіру сатылары іске қосылды.