Алайда ол өзін нашар сезінгенін айтқан.
Ер адам бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындалған. Қазір 1990 жылы туған азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің ғимаратында қалада бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікпен тұтқындалған азаматтан жауап алынған. Алайда ол өзін нашар сезінгенін айтқан. Тез арада жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Өкінішке қарай, жедел жәрдем келгенше есінен танған азамат көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі хабарланады, - делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.