Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда тағы бір әйел 5-қабаттан секіріп кетті

Әйелдің өзін-өзі өлтірмек болғанының алдын ала себебі – жұбайымен ажырасуы болуы мүмкін.

Алматыда тағы бір әйел 5-қабаттан секіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы үш баласымен бірге секіріп кеткен Жетісу-1 шағын ауданында тағы бір оқиға болды. Бұл жолы 26 жастағы әйел дәрі ішіп алып, бесінші қабаттан секіріп кеткен деп хабарлайды Paryz.kz

Алматы полициясы 1995 жылы туған әйелге қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. 

Өмірімен қоштасу үшін әйел алдымен дәрі ішіп алған. Ол өзін уландырғаннан кейін пәтердің 5-қабаттағы терезесінен секіріп кеткен. 

Әйелдің өзін-өзі өлтірмек болғанының алдын ала себебі – жұбайымен ажырасуы болуы мүмкін. Басқа деректер анықталуда. Тергеу ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша жүргізілуде.

5-қабаттан құлағаннан кейін оның тірі қалғаны анықталды. Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы оның жағдайы жөнінде пікір білдірді. 

Жағдайы ауыр. Есін біледі. Қарқынды терапия анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жалғасуда, - деп хабарлады басқармадан.