Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы облысында ер адам әйелінен кешірім сұрау үшін гүл ұрлаған

Бір қызығы, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарыпты.

Алматы облысында ер адам әйелінен кешірім сұрау үшін гүл ұрлаған
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған деп хабарлайды Paryz.kz

25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан полицияға шағым түскен. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалыпты. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.

Көп ұзамай күдікті ұсталған. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.

Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған, - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бір қызығы, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарыпты. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланған көрінеді.