Жасөспірім мектептен шыққаннан кейін автобустан қателесіп, басқа бағдарға отырып кеткені анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мектептен кейін үйге оралмаған баласын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.
Кеше сағат 14:57-де елорда тұрғыны ұлының мектептен шыққаннан кейін үйге оралмағандығын хабарлап, 102 нөміріне қоңырау шалды. Баланы іздеу үшін елорда полициясының жеке құрамына бағыттама берілді. Іздеу іс-шаралары барысында құқықтық тәртіпті қорғаушылар жоғалған жасөспірім болуы ықтимал орындарды тексеріп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрау салды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде Есіл аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері баланы тапты. Жасөспірім мектептен шыққаннан кейін автобустан қателесіп, басқа бағдарға отырып кеткені анықталды. Бала отбасына оралды, туған-туыстарымен бірге, – деп атап өтті қалалық ПД.
Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүрген жерін бақылап отыру қажеттігін еске салады.