Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Өлгенше тепкілеген": қазақстандық танымал дизайнер кісі қолынан қаза тапты

Айта кетсек, Сәбит Сырахан – көше киімдерінің дизайнері. Оның қолынан шыққан өнімдерді көптеген рэперлер мен хип-хоп мүшелері киіп жүр.

"Өлгенше тепкілеген": қазақстандық танымал дизайнер кісі қолынан қаза тапты
фото: tengrinews.kz

Бүгін қазақстандық дизайнер Сәбит Бисен көз жұмды. Бұл туралы Хиро лақап атты белгілі рэпер өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Сәбит қазір арамызда жоқ. Бірақ, оның логотипі қазірдің өзінде барлық жерде бар! Ал сіз бұл белгіні кездестірмедім деп айтпаңыз! Футболкаларда, стикерлерде, кештерде, көшелерде көрмеуіңіз мүмкін емес. Біз оның атын көшеге қоямыз! Біз ескерткіш қоямыз!" - деп қайғырды рэпер.

Бұл ретте, ол дизайнердің кісі қолынан қаза тапқанын атап өтті.

"Сәбит енді арамызда жоқ! Досымды өлгенше тепкілеген. Сау тамтығы қалмаған. Аяқ киімі арқылы таныдық", - деді Хиро.

Айта кетсек, Сәбит Сырахан – көше киімдерінің дизайнері. Оның қолынан шыққан өнімдерді көптеген рэперлер мен хип-хоп мүшелері киіп жүр.