Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Риддерде қоқыс төгуге шыққан 10 жасар баланы көлік басып кетті

Қалалық ауруханада балаға "бас сүйек-ми зақымы" деген диагнозы қойылды.

Риддерде қоқыс төгуге шыққан 10 жасар баланы көлік басып кетті
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында қоқыс төгуге шыққан баланы контейнерлер тұрған жерде көлік басып кеткен. Қазіргі кезде нейрохирургтар 10 жастағы Никитаның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр деп хабарлайды Paryz.kzNoks.kz басылыма сілтеме жасап. 

Никитаның әкесінің айтуынша, Mitsubishi маркалы жол талғамайтын көлік мінген 35 жастағы жүргізуші баласын басып кеткен. 

Сол күні сағат 12 кезінде ұлыма қоқыс төгіп келші дедім. Ал қоқысты лақтыру үшін жолдың арғы жағына өтудің қажеті де жоқ. Себебі контейнер дәл үйдің жанында орналасқан. Балам дәл сол контейнерлер алаңында тұрғанда оны джип соққан, - дейді ол.

Әкесі соққының қатты болғаны сонша, темір және бетон тосқауыл қирап қалғанын айтады. Ал контейнер бірнеше метрге ұшып кеткен.

Куәгерлер баланы күл-қоқыстың арасынан шығарып алған. Баланың телефонын қолды қылған адамдар да табылыпты. Артынан смартфонмен байланыс үзілген. Біреулер оны сөндіріп тастапты.

Он минуттан кейін Никита келмеген соң мен оның мобильді телефонына қоңырау шалдым. Гудок барып тұрған. Бірақ ешкім алмады. Ұлым балалармен ойнап кетті деп ойладым да, қоя салдым. Артынан үйге полицейлер келді. Олар ұлымның қалтасындағы кілтке қарап, үйдің нөмірін білген, - дейді Никитаның әкесі.

Қалалық ауруханада балаға "бас сүйек-ми зақымы" деген диагнозы қойылды. Сол күні Риддерге облыс орталығынан нейрохирургтар келген. Олар баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. Себебі миы ісіп кетті. Өскемен қаласындағы арнайы бөлімге де әзірше тасымалдауға болмайды.

Қазіргі кезде оқушы бала ес-түссіз жатыр. Ол жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал тамақты зонд арқылы беріп отырады.

Көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.