Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған елордалықтар алаяққа алданып қалды

Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады.

Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған елордалықтар алаяққа алданып қалды

Нұр-Сұлтанда полицейлер интернет арқылы жүргізуші куәлігін жасау қызметі туралы хабарландырулар жариялаған алаяқты ұстады. Бұл жайында Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды, деп хабарлады paryz.kz.

Ол көшеде ұсталды. Тəртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды анықтады. Сенімділік үшін 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсеткен. Алайда, тексеріс барысында құжаттың бұрын алаяқтың құрығына түскен бөтен адамға тиесілі екендігі анықталған.

Өзінің қызметтері үшін ол ақшаны электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпаған. Аталмыш схема бойынша алаяқ жыл басынан бері 6 азаматты алдап үлгерген. Бірақ, жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Ақпараттық жүйені қолданушыға қатысты алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Егер сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз: 102, 71-63-35, 71-66-10, 8-747-620-57-93.