Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Өскеменде кәсіпорында қайғылы жағдай болып, екі жұмысшы қаза тапты

Жыл басынан бері еліміздің шығысында 153 қайғылы оқиға болып, 16 адам қаза тапқан. 

Өскеменде кәсіпорында қайғылы жағдай болып, екі жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Өскемендегі Титан-магний комбинатының еншілес кәсіпорнында қайғылы оқиға болып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz"Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Электронды-сәулелік пешті жөндеу жұмыстары кезінде 2 адам тапты. Екеуі де балқытушы болып жұмыс істеген. 

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құрамына санэпидемиологтар, еңбек инспекциясының және прокуратураның өндірістік қауіпсіздік департаменті өкілдері кіретін еңбек комиссиясы құрылған. Олар 10 жұмыс күні аралығында жұмысшылардың өліміне себепкерлерді анықтауы керек. Жыл басынан бері еліміздің шығысында 153 қайғылы оқиға болып, 16 адам қаза тапқан. 

Тергеу аяқталған соң комиссия кінәлілерді анықтайды. Сол кезде кәсіпорын тарапынан кінәлілерге қатысты әкімшілік тәртіптік шара қолданылады. Сонымен қатар полиция органдары қылмыстық іс мәселесін шешеді, - деп мәлімдеді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының төрағасы Бақытбек Қизатов.