Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақмола облысында 84 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті

Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда.

Ақмола облысында 84 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кетті
фото: дереккөз

Ақмола облысының Макинск қаласында жеке үйдегі өрттен 84 жастағы әйел қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz

Өрт сөндірушілер төтенше оқиға орнына жеткенде пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқан. Асханадағы өртті сөндіру кезінде 1937 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды, - деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда. Өрт орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің сынақ-зерттеу өрт зертханасы мен Бұланды аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде.