Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болуға кеңес беріледі.
Астаналықтарға жолдарда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді деп хабарлайды Paryz.kz, Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің кезекші бөлім бастығы Айбек Нартбаевтың айтуынша, елордада сағат 7:00-ден бері 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды және көлік жүргізу кезінде мүмкіндігінше мұқият және сақ болуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Жаяу жүргіншілерге де өте сақ болуға кеңес беріледі.