Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы полициясы желідегі жаппай төбелестің видеосына қатысты түсінік берді

Төбелестің кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды.

Алматы полициясы желідегі жаппай төбелестің видеосына қатысты түсінік берді
Фото: politikan-news.net

Қып-қызыл төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.

Видеоның сипаттамасында төбелестің қала ортасындағы "Қазақстан" қонақ үйіне қарама-қарсы жерде болғандығы айтылған.

"Төбелес Алматы қаласы Медеу ауданының аумағында болған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелестің кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды. Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шара қолдану үшін құқықтық баға беріледі" - деп түсіндірді Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер.