Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағандыда ер адам бастығына оқ атты

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарағандыда ер адам бастығына оқ атты
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда ер адам тапаншадан ЖШС директорына оқ атқан деп хабарлайды Paryz.kz.

27 қазанда сауда кәсіпорындарының бірінде қақтығыс барысында қару қолданылды.

Оқиға орнына келген полицейлер кәсіпорында ЖШС-тің 30 жастағы директоры мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал барысында күдікті басшысына "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартып, медициналық мекемеге жүгінді.

Қылмыс жасаған 29 жастағы ер адам "ізі суымай" ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді, - делінген ақпаратта.

ҚР ҚК 287-бабы ("Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.