Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістан облысында жасөспірім қызды 17 ер адам зорлап тастаған

Күдіктілердің бірде-бірі жазаланбағанына жарты жыл өтіпті. 

Түркістан облысында жасөспірім қызды 17 ер адам зорлап тастаған
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz, Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Сарыағаш ауданында жасөспірім қызды 17 ер адам зорлағаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Журналист Амангелді Батырбеков ананың редакцияға үндеуін жариялады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлаған хайуандықты естігенбіз. Ал енді кәмелетке толмаған жасөспірімді 17 (он жеті) хайуанның зорлағанын естігендер бар ма? Жоқ болса, естіңдер! Ол біздің Сарыағашта орын алған! – деп жазды ол.

Амангелді Батырбековтің хабарлауынша, күдіктілердің бірде-бірі жазаланбағанына жарты жыл өтіпті. Ешқайсысы қамалмаған.

Полиция жағдайға түсініктеме берді.

Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 25 мамырда жүгінген. Ол өзінің 17 жасар қызын ұрлап кеткенін мәлімдеді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адамды ұрлау" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Мән-жайларды анықтау кезінде 2004 жылы туған қыздың жұмысқа кетіп, жоғалып кеткені анықталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, нәтижесінде оны бір тәулік ішінде тауып, ата-анасына қайтарып берді, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бір аптадан кейін, 31 мамырда әйел полицияға ұрлау фактісі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтінішпен жүгінген.

10 маусымда ауыл тұрғыны полицияға қайта жүгінеді. Бұл жолы бір топ адам, атап айтқанда 17 ер адам қызын зорлады деп мәлімдеген. Бұл арыз ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. Сондай-ақ, жәбірленушінің анасы қызының киімін өртеу арқылы айғақты өз қолымен жойғаны анықталды. Осыған байланысты сарапшылар экспертиза жүргізе алмады, - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексерумен облыстық ПД Тергеу басқармасы айналысуда. Сараптама кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.