Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар облысында 56 жастағы тұрғын өрттен қайтыс болды

Өрт кезінде екі бөлмелі тұрғын үй толық өртеніп, шатыры жарым-жартылай опырылып түскен.

Павлодар облысында 56 жастағы тұрғын өрттен қайтыс болды
Фото: vashgorod.ru

Павлодар облысында екі үлкен өрт сөндірілді, деп хабарлады paryz.kz

"Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Ақсу қаласының ауылдық аймағына кіретін Ақжол ауылындағы өрт кезінде бензин құйылған 5 канистр мен 2 баллонды қауіпсіз жерге шығарды. 101 пультіне өрт туралы хабарлама сағат 09:50-де келіп түскен", - деп мәлімдеді тілшілерге Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Жалпы, Әбдіров көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің кірпіш гаражында есіктің ағаш қаптауы мен ағаш сөрелер өртенген. Жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Газ бен түтіннен қорғау қызметі тобының жедел әрекеттерінің арқасында газ баллондардың жарылуы мен канистрлердегі жанармайдың өртенуіне жол берілген жоқ", - деп атап өтті аймақтыү ведомствоның баспасөз қызметі.

Жалын сағат 10:10-да ауыздықталып, сағат 10:38-де толық сөндірілді. Өрттің себебі мен одан келтірілген шығын көлемі анықталуда.

"Тағы бір өрт Павлодарское ауылында болған. Оның салдарынан 1964 жылғы ер адам қаза тапты. Диспетчерлік қызметке өрт туралы хабарлама сағат 21:13-те келіп түскен. Өрт кезінде екі бөлмелі тұрғын үй толық өртеніп, шатыры жарым-жартылай опырылып түскен. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған", - деп атап өтті ТЖД-дан.

Көршілер отқа оранған үйден оның иесінің күйік шалған денесін алып шықты. Олар ер адамның спирттік ішімдікті көп ішкенін айтты. Оқиға орнына келген 103 қызметінің дәрігерлері оның өлімін тіркеді. №1 мамандандырылған өрт сөндіру қызметкерлері жалынды сағат 21:47-де ауыздықтап, 21:54-де толық сөндірді.

Төтенше оқиға орнында үш көлікпен келген облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 қызметкері жұмыс істеді.

"Қазіргі кезде оқиға орнында сынақ-өрт сөндіру зертханасының қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемін анықтайды", - деп мәлімдеді департаменттен.