Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ҰҚК Алматыда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұстады

Олар тәулігіне 20 млн теңгеден астам пайда тауып отырған.

ҰҚК Алматыда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұстады
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті шаһарда жасырын электрондық казиноналардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады paryz.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қала аумағында 10 мекемеден тұратын жасырын онлайн-казино жүйесінің жұмыс істейтіні анықталды.

"2020 жылғы 6 қазанда көрсетілген заңсыз әрекеттердің жолын кесу нәтижесінде, жедел-тергеу тобы бір ғана жасырын мекемеден 50 бірліктен астам ойын жабдығын тапты. Қылмыстық әрекеттен түскен кіріс көлемі тәулігіне 20 млн теңгеден асқан. Құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін қылмыстық топ заңсыз әрекетке шамамен 50 адамды қызмет көрсету персоналы ретінде тартқан", - делінген хабарламада.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 307-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.