Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Кореяда көз жұмған қос қазақстандық заңсыз жүрген

Екі адамның өлімі бойынша тергеу амалдары басталды.

Кореяда көз жұмған қос қазақстандық заңсыз жүрген
Фото: Pinterest

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 12 қазан күні Оңтүстік Кореяда мерт болған екі қазақстандықтың өліміне жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"2020 жылғы 12 қазанда Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақатына байланысты қаза тапқан. Аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды. Біздің отандастарымыздың Кореяда заңсыз жүргенін атап өту қажет. Марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылды. Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, азаматтарымыздың денелерін елге жеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдауда", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда көз жұмған екі қазақстандықтың бірі –Түркістан облысының 20 жастағы, екіншісі – Нұр-Сұлтан қаласының 50 жастағы тұрғыны.