Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Арқалықта қырылған құстардың бәрі үшін өтемақы төлемеуге сылтау табылды

"Желдетудің болмауы салдарынан асфиксиядан 256 040 құс қырылды, олар өтелуге жатпайды", - дейді ҚР АШМ өкілі.

Арқалықта қырылған құстардың бәрі үшін өтемақы төлемеуге сылтау табылды
фото: azattyq-ruhy.kz

ҚР АШМ сарапшылары Арқалық қаласындағы "Агроинтерптица" құс фабрикасында жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлады paryz.kz, Today.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл құстар үшін өтемақы қарастырылмағанын айтады ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов.

"Құс фабрикаларындағы құс өлімі толығымен тоқтады. "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС-інде бір айда құс тұмауынан 184 621 құс қырылды. Барлық залал үшін өтемақы беріледі. "Агроинтерптица" ЖШС-інде 391 мыңнан астам бас өлді. Оның ішінде желдетудің болмауы салдарынан асфиксиядан 256 040 құс қырылды, олар өтелуге жатпайды. Құс тұмауынан 135 384 бас құс қырылды. Тағы 41 642 бас тәркіленіп, жойылды. Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 бас құс үшін өтемақы беріледі", - деді Тұрсын Қабдолданов.

Айта кетейік, мамандар өтемақы алу үшін құсты қасақана жою туралы күдікті жоққа шығарды. Желдету вирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін өшірілген-міс.

Бұл мыңдаған құстың бәріне бірдей өтемақы төлемеудің сылтауы ма, әлде, шынымен құс фабрикасындағылар «артық қыламын деп тырттық қылған» ба, ол жағы әуелі Құдайға, сосын осы істің басы-қасында жүргендерге аян.