Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Атырауда баласын 38 рет пышақтаған әйелге қатысты сот ісі басталды

Қазір 42 жастағы күдікті психдиспансерде жатыр. 

Атырауда баласын 38 рет пышақтаған әйелге қатысты сот ісі басталды
фото: ашық дереккөз

Атырауда төрт айлық сәбиін жауыздықпен өлтірген әйелге қатысты сот ісі басталды. Әйел қызына 38 рет пышақ сұққан деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауыр қылмыс осы жылдың сәуір айында Көптоғай ауылында болды. Сотта күдіктінің күйеуі босанған соң әйелі аяқасты психикалық ауытқуға ұшырағанын айтқан. Перзентханадан кейін әйелі халық емшілерінің көмегіне жүгінген. Алайда бұдан да жақсы болмаған.

Әйел қылмысқа күйеуі аудан орталығына барған кезде барған. Анасы сәбиіне ас үй пышағымен соққы жасаған. Оған баланың қатты жылағаны ұнамаса керек.

Сот-медициналық сарапшылар қыздың денесінде 38 жарақаттың барын анықтаған.

Баланың өлімінің себебі көп қан жоғалту болды. Сәбиге жүрек пен кеуде тұсына көптеген пышақ жарақаты түскен, – деді прокурор Нұрболат Әбілов.

Қазір 42 жастағы күдікті психдиспансерде жатыр. Ол қандай жағдайда түскенін дәрігерлер айтпаған. Бірақ қазіргі уақытта, олардың айтуынша, оның жағдайы анағұрлым жақсарған.

Иә, шынында да оның психикалық ауытқуы бар. Диагноз медициналық құпия, ол жария етуге жатпайды. Оның тағдыры тек сот шешімімен ғана анықталады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан емдеу аясында психикалық жағдай тұрақтанды, –  деді Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир Қожантаев.