Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодарда 1984 жылы бой көтерген ғимараттың төбесі құлады

Ғимарат 1984 жылы бой көтерген. 2010 жылы ғимараттың шатыры, ал 2013 жылы сырты жөнделген.

Павлодарда 1984 жылы бой көтерген ғимараттың төбесі құлады
фото: дереккөз

Павлодарда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің төбесі опырылып түсті. Абырой болғанда ешкім жапа шеккен жоқ деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл уақытта ғимаратта қызметкерлер болған. Сондай-ақ 13 тәрбиеленушіде сабақ өтіп жатқан, оларды төбе құлағанға дейін шығарып үлгерді. Мекеме басшылары жабынның жағдайы сын көтермейтінін бұған дейін білген екен.

Апат болғанға дейін біз қарап, төбедегі жарықшақтың себебін білуге ​​тиіс мамандарды шақырдық. Бірақ бүгін таңғы сағат 10-да сықырлаған дыбыс естілді. Оқыс оқиға орын алған кезде ғимаратта күзетші, спорт нысанының меңгерушісі мен мектеп директорынан басқа ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ, – деп түсіндірді туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, ғимаратта сықырлаған дыбысты естіген бойда спортшылар сыртқа шығып үлгерген.

Ғимарат 1984 жылы бой көтерген. 2010 жылы ғимараттың шатыры, ал 2013 жылы сырты жөнделген.

Бұған дейін ғимаратта спортзалдың орнына автокөлік тұрағы болған. Қайта жаңартудан кейін бөлме бокс залына бейімделіп, онда 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жаттығады, – делінген хабарламада.