Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Алматы тұрғыны бес адамды атып өлтірді (ВИДЕО)

Тергеу шаралары жүргізілуде.

Алматы тұрғыны бес адамды атып өлтірді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Сот бұйрығын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kz

Бүгін, 2021 жылы 20 қыркүйекте, кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында қайғылы оқиға болды. Жекеменшік үйлердің біріндегі адамдарды сот бұйрығына сәйкес, үйінен шығару кезінде ондағылардың бірі - 1967 жылғы Д. деген азамат агрессия танытып, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырды. Қызметтік міндетін орындаушы бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз, - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, күдікті залалсыздандырылып, ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері туралы мәліметтер:

- Алатау ауданы ПБ ЖҚПБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы, 1982 ж.т.

- Алатау аудандық ПБ ЖҚПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 ж.т.

Желіде оқиға орнынан видео да жарияланды.