Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Өртенген үй иесінің қызын құтқарушылар қызыл жалыннан алып шықты

Олар зардап шеккен азаматшаға оқиға орнында алғашқы көмек көрсетуге мәжбүр болған.

Өртенген үй иесінің қызын құтқарушылар қызыл жалыннан алып шықты
Фото: Облысытқ ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен қаласында өрт сөндірушілер отқа оранған үйден әйел адамды алып шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 қазан күні өрт сөндірушілер Камчатка көшесіндегі жалын шарпыған жер үйге аттанған. Оқиға орнына жеткен кезде оларға үй иесі іште қызының қалып қалғанын айтады.

"Құтқарушылар бірден өртенген үйге кіріп, әйел адамды алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 1984 жылғы тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сәлден соң жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 100 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтаған. Алдын ала мәліметтер бойынша жалынның шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін. Өртті өшіруге 15 адам мен 3 автоцистерна тартылған.