Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен кейін қайта жолға шықты.
Ақтөбе облысында жүк пойызына тиелген кранның жебесі қарсы жолмен келе жатқан Тальгоның ондаған вагонына зақым келтірді деп хабарлайды Paryz.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 қыркүйекте Ақтөбе жол бөлімшесінің Шоқысу стансасында жүк пойызының 26-вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондарын сырып өткен.
Атап айтқанда №77 "Алматы-2 – Маңғыстау" жолаушылар пойызының локомотиві (шанағы, буферлік шамы сырылған) мен 13 вагонға зақым келген. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған, - дейді компания мамандары.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен кейін қайта жолға шықты. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.