Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Жаназасыз жерленді": Балқашта полицейлер қаза болған адамның басын бермей отыр

Марқұмның жақындары ағаларының басы мен денесі бөлшектенгендіктен оның жаназасын да шығармаған.

"Жаназасыз жерленді": Балқашта полицейлер қаза болған адамның басын бермей отыр
фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Балқаш ауданының жергілікті тұрғындары ағасының басын ала алмай отыр деп хабарлайды Paryz.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

45 жастағы қойшы 23 тамызда жоғалып кеткен. 6 қыркүйекте ер адамның жақындары оның денесін Бірлік ауылы маңындағы 8 шақырым жерден тауып алған.

Сараптама нәтижесінде оның басына оқ тиген делінген.

Тергеу кезінде қажетті сараптамалардан өткізу үшін мамандар қойшының басын алып қалған.

Марқұмның жақындары ағаларының басы мен денесі бөлшектенгендіктен оның жаназасын да шығармаған.

Ағамыздың басын экспертизаға қажет деп бермей алып қалды. Денесін алып, жер қойнына тапсырдық. Бірақ жаназа оқытылған жоқ. Полицейлер өздеріне тиісті жұмысты дұрыс атқарған жоқ. Біздің олардың жұмыстарына көңіліміз толмайды, - деді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.