Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Мен өлгім келмейді": Аягүл Мантайдың сіңлісі желідегілер маза бермей жатқанын айтты (ВИДЕО)

Тоты Мантайдың сөзінше, әпкесінің өліміне желідегі кибербуллинг себеп болған. Ол Аягүл жеке өміріне қол сұғып, қаралағандардың ауыр сөздерін көтере алмағанын айтады.  

"Мен өлгім келмейді": Аягүл Мантайдың сіңлісі желідегілер маза бермей жатқанын айтты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Жақында ғана өзіне қол салып, көз жұмған жазушы Аягүл Мантайдың өлімінен кейін де желідегілер тыныштық бермей жатқаны туралы сіңлісі айтып берді деп хабарлайды Stan.kz, "Мәселе" бағдарламасына сілтеме жасап.  

Тоты Мантайдың сөзінше, әпкесінің өліміне желідегі кибербуллинг себеп болған. Ол Аягүл жеке өміріне қол сұғып, қаралағандардың ауыр сөздерін көтере алмағанын айтады.  

Ол кісі Аягүлдің жеке басына, ар-намысына тиіп, жеке өміріне қатысты жазбалар жазып отырды. 18-27 шілде аралығында менің қасымда болды. Қиналғанын, өкіріп жылағанын көрдім. “Мен өлгім келмейді, мені осы сынақтан құтқара көр” деп құдайға жалбарынып, дұға оқып, тілек тіледі, – дейді Тоты Мантай. 

Сонымен қатар Тоты Мантай жазушыны жер қойнына тапсырғаннан кейін де желідегілер маза бермегенін айтып ашынды. 

Аягүл көз жұмғаннан кейін де аруағына тіл тигізіп, қазір де көптеген желі қолданушысы жазба қалдыруда. Олардың жазған қаралауын, әпкемнің аруағына тіл тигізгенін оқу мен үшін қиын. Аягүл қазір тірі емес, егер тірі адам болса, алысуға болады. Өлі адаммен алысу, адамгершіліктен аттағандықтың белгісі, – дейді Тоты Мантай.