Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Шіріп кеткен балықтың иісі шығады": Түркістан облысында тұрғындар ауызсуға жарымай отыр

Қуаңшылық салдарынан қоймадағы су фермерлер арасында бөлінген. Қала тұрғындарына су жетпей жатыр.

"Шіріп кеткен балықтың иісі шығады": Түркістан облысында тұрғындар ауызсуға жарымай отыр
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Шардара қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны шіріген дәмі бар ауызсу ішіп отырғандарын айтып, шағымданды деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындар ауызсуды сатып алуға немесе 75 көп қабатты үйді қамтамасыз ететін су таситын көлікті сағаттап күтуге мәжбүр. 

Қалаға су құбыры тартылғанымен, кәріздің иісінен крандағы суды пайдалану мүмкін емес.

Шіріп кеткен балықтың иісі шығады. Жуынған соң үстіңнен де осындай иіс шығады. Тіс тазалағанда лоқсып тұрамыз, – дейді тұрғындардың бірі Зылиха Тәшімбетова.

Шардара қоймасындағы су деңгейі құбырлардан төмен жатыр. Суды сүзгіден өткізетін станса жабылудың аз-ақ алдында тұр. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген стансаның қуаты көп қабатты тұрғын үйлер мен жергілікті ауруханаға су беруге қауқарсыз.

Ауруханадағылар суды тек техникалық мақсатта пайдаланатындарын айтты. Ауызсу мұнда әкімдік тапсырмасы бойынша жеткізіледі.

Қуаңшылық салдарынан қоймадағы су фермерлер арасында бөлінген. Қала тұрғындарына су жетпей жатыр.

Қазіргі күні қоймада 667 миллион текше су бар. Мұндай жағдай 40 жылда бірінші рет болып тұр. Су деңгейі биыл айтарлықтай төмен, алайда ақырындап толып келеді, – дейді су қоймасының инженері Бақыт Құлманов.

Қазіргі күні облыс су бөлу туралы Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде. Алайда көршілер тек қараша айынан кейін ғана көмектесе алады.

Сонымен қатар мәселені шешу үшін Келес өзенінен Шардараға су жіберу жұмыстары қолға алынды.