Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Өз жерлестері өзекке тепті": Майғазиев қызметінен не үшін кеткенін айтты

"Мүлдем олай емес. Мен шымкенттіктеріммен мақтанам. Қол-аяғымды жерге тигізбеді..."

"Өз жерлестері өзекке тепті": Майғазиев қызметінен не үшін кеткенін айтты
фото: ашық дереккөз

Сәкен Майғазиев Шымкенттегі лауазымды қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді. Ол «Шымкенттіктер Сәкенді сыйғызбапты» деген сынды қаңқу сөздердің негізсіз екенін мәлімдеді. Қызметтен ешкім қумағанын, жұмысты адал атқарғанын, тек шығармашылықпен айналысу үшін кеткенін жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

 "Шымкенттіктер Сәкен Майғазиевті сыйғызбады", "Елім" деп барып еді…", "Өз жерлестері өзекке тепті" деген қаңқу қауесеттерді құлағым қағып қалып жүр. Мүлдем олай емес. Мен шымкенттіктеріммен мақтанам. Қол-аяғымды жерге тигізбеді. Риясыз ризалығымен, көлдей көңілімен, көкке көтерді. Шымкентте бар қасиет барлық аймақта, елде, руда, ұлтта бар дүние. АЛЛАға шүкір, мен кез келген ортада өзімді суда жүзген балықтай сезінем, адам алаламаймын, – деп жазды Сәкен Instagram-дағы парақшасында.

Шымкент Мәдениет үйіне дейін де Майғазиевке талай қызметтер ұсынылыпты. Айтуынша, жұмыстарының тығыздығына байланысты бармаған.

Әлі де басқа ЖОО-дан, өнер ұжымдарынан ұсыныстар көптеп келіп жатыр. Әзірге рухани, мәдени даму жолында үзіліс алып, шығармашылығымды шыңдасам деймін, – деді әнші.

Сәкен Шымкентте өзіне тиесілі жұмысты адал атқарғанын мәлімдеді.

Бар-жоғы 8 айдың ішінде басшылықтың да, ұжымымның да үдесінен шығып, үмітін ақтап үлгердім деп есептеймін. АЛЛА біледі!

2014 жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген сарайға ағымдағы жөндеу жұмысын жүйелеу, 17 адамнан ғана құралған фольклорлық ансамбльді 40 адамдық ҰЛТ аспаптар оркестріне айналдыру, сахналық костюмдермен, аспаптармен қамтамасыз ету, бірнеше бөлмелерді босатып, оркестрге, ВАА -ге, әншілерге дайындық залын жасақтау, дыбыс жазу студиясын қалпына келтіру, бізге қарасты 5 мәдениет үйі мен 5 клубтың жұмысын жаңғырту, Мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар, бірнеше сазды кештер, т.б. жұмыстарды қолымнан келгенінше қорғап, ойдағыдай орындап шықтым. Маған сенім артқан Шымкент қаласының әкімдігіне, басшылығыма, ұжымыма рахмет айтам, – деді ол.