Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Арнайы қызмет Алматы облысында 7 тонна спирт сақталған астыртын цехты әшкереледі

Бұл дерек бойынша тексеру басталды.

Арнайы қызмет Алматы облысында 7 тонна спирт сақталған астыртын цехты әшкереледі
Фото: Комитеттің баспасөз қызмет

Алматы облысында 7 тонна спирт сақталған астыртын цех әшкереленді. Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде, өңірде рұқсат құжатынсыз этил спиртінің көп мөлшерде сатылуының алдын кесті.

"Тексеру кезінде спирт сату цехы ашылды. Спирт иісі бар түссіз сұйықтық сақталған 1000 литрлік 6 ыдыс, 5 литрлік 141 құты тәркіленді. 5 қапшық қақпақ пен бөліп құю құралдары табылды", - деді Комитеттің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша тексеру басталды.