Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

АХҚО экспорттаушыларға қолдау көрсетуде

АХҚО тауар биржасын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады.

АХҚО экспорттаушыларға қолдау көрсетуде
Дереккөз: inform.kz

АХҚО бұдан бөлек экспорттаушыларға да қолдау көрсетуде. Мәселен АХҚО биылғы жылдың тамыз айында  «QazTrade» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат отандық өнімді сыртқы нарықтарда ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.

Бұл ретте QazTrade және АХҚО сыртқы экономикалық қызмет, электрондық коммерция, биржалық сауда, халықаралық электрондық алаңдарға шығу бағыттарының кең спектрі бойынша талдамалық және сараптамалық әзірлемелер алмасуға келісті.

Осылайша, ынтымақтастық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанда электрондық коммерция мен қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеу жүзеге асады. Атап айтқанда, QazTrade Fintech Hub акселерациялық бағдарламасының өнімдері мен резиденттерін маркетплейстерге шығару бойынша консультациялық-талдамалық қолдау көрсететін болады.

АХҚО тауар биржасын дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Сонымен бірге, QazTrade және АХҚО тауарлар саудасы және жеткізу тізбектері туралы деректерді жинау жұмысын синхрондау мүмкіндігін жариялады. QazTrade орталыққа экспорттаушылар және импорттаушылармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі. Бұдан бөлек, трансшекаралық сауданы дамыту жөніндегі өзара іс-қимыл ынтымақтастық бағыттарының бірі болады.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы: «Біз «Қорғас» трансшекаралық сауда-логистикалық хабтарында инфрақұрылым мен сауда рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстармен бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Бұл Қазақстанның шекара маңы индустриялық-инновациялық кешендерін құру жөніндегі бағытын ескере өте маңызды. Көптеген инвесторларды, соның ішінде шетелдік инвесторларды осындай хабтарда АХҚО құқығы шарттарында жұмыс істеу мүмкіндігі тартатын болады", - деп атап өтті.

Меморандумдағы ынтымақтастықтың тағы бір бағыты сыртқы нарықтарда, оның ішінде шетелде бірлескен өкілдіктер мен сауда үйлерін ашу арқылы акселерациялық бағдарламаларға қатысушылардың өнімдерін ілгерілету болып табылады. Осы орайда, Қытай Халық Республикасы басым нарық ретінде қарастырылып жатқанын атап өткен жөн.

АХҚО Қазақстанда жасыл жобаларды жүзеге асыруды қолға алуда

Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ) АХҚО жасыл қаржы орталығымен (AIFC Green Finance Centre) бірлесіп, Қазақстанда «жасыл» және әлеуметтік жобаларды әзірлеу және оны іске асыру жөніндегі жұмысты бастады.

Атап айтқанда, AIFC Green Finance Centre ЕДБ-ға «жасыл» және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін болады. Өз кезегінде, ЕДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов: «2020 жылы ЕДБ мен АХҚО әкімшілігі Қазақстан мен Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу мақсатында құрылған AIFC Green Finance Centre компаниясының акционерлеріне айналды. Тура бір жыл бұрын 2020 жылғы 12 тамызда біз бірлесіп Орталық Азияда алғаш рет «Даму» ҚДК АҚ-ның 200 млн. теңге сомасына «жасыл» облигацияларын шығаруды ұйымдастырдық. Бүгінгі келісім – біздің ынтымақтастығымыздың қарқынды жалғасы», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, 2019 жылы ЕДБ Кеңесі 2020-2024 жылдарға жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды қаржыландыру бағдарламасын бекітті. 2020 жылы ЕДБ Қазақстанда белгіленген қуаттық мөлшері 110 МВт ЖЭК өндіруші қуаттарды салудың 3 жаңа жобасы бойынша қаржы бөлген. ЕДБ энергетикалық қоржынындағы ЖЭК-жобалардың үлесі 67%-ды құрайтынын атап өткен жөн.

Сонымен бірге, ЕДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес ЕДБ көпжақты даму банкі ретінде «жасыл» жобаларды қаржыландыруға қатысуды кеңейтетін болады. Атап айтқанда, «жасыл» облигациялар нарығында белсенді қарыз алуды жүзеге асыру, аралас қаржыландыруды ұсыну, инновациялық технологиялар трансфертіне жағдайлар жасау жоспарланған.

Айта кетейік, 2020 жылға дейін Қаржы нарығын, оның ішінде банк секторын реттеу мен қадағалауды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырған болатын. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл құзыреттілік уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) берілді.