Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Трудовойым заңсыз жасалынған": Бадамдық "завуч" желіні тағы да шулатты (ВИДЕО)

"Облыстық, аудандық білім бөлімінің басшылары кімнен, неден қорқады?.."

"Трудовойым заңсыз жасалынған": Бадамдық "завуч" желіні тағы да шулатты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Төребек Сейдуалиев есімді желі қолданушы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы "завуч" Ұлжан Елмұратоваға қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Тағы оқи отырыңыз: Боқтампаз "завуч" мектепке қайта жұмысқа тұрған

Мұнда бір шикілік бар...  Жыр болған боқтампаз "зауышқа" неге заңның қауқары жетпейді?  Айтбай Шерімқұлов мектебінің экс-директорына неге қабылдайсыз, заңсыз қабылдадыңыз деп директорлық лауазымынан алып тастайды. Уақыт өте келе директордың міндетін атқарушы Б. Бекке алдыңғы директордың жұмыстан шығару туралы бұйрығын жойып, қажеттілікке байланысты қайтадан шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындауыңыз заңсыз деп Шұға Тұрмахамбетқызы келіп, айтады. Аудандық білім бөлімінің заңгері Маратжан Молдабек бұл - заңға қайшы деп мақұлдайды. Олай болса директордың міндетін атқарушы Б. Бекті заңсыз тағайындағаны үшін қандай шара көрілді? Ұлжан Елмұратоваға қандай шара көрілді? Заңсыздыққа барғандар неге біздің елде жазаланбай, ойына келгенін істеп,жасап жүре береді? Заң кім үшін?  Ал қазір мектеп директорының міндетін атқарушы Ержан Мырзабеков мектепке қажетті завхозды неге қабылдамайды? Мектепке жаңа завхоз келеді, бірақ Ержан Мырзабеков тек шаруашылық меңгерушісін ғана іздеп отыр... Ал еңбек кітапшасы, дипломы жалған Ұ.Елмұратованы неге ресми түрде жұмыстан шығарылғаны жөнінде бұйрық шығарып, ситсен порталына шаруашылық жөніндегі орынбасары керек деп жарияламайды? Облыстық, аудандық білім бөлімінің басшылары кімнен, неден қорқады?  Бір Елмұратова ойына келгенін істейді, қалған лауазымды тұлғалар соның сытылып шығуына, жазаға тартылмауына ықпал етеді. Заң қайда? Заң қашан іске асады? Мұнда бір шикілік бар, - деп жазды ол.