Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстанда вакцина алмағандарды тексеру басталады

МТ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрондық платформасында жүзеге асырылады. 

Қазақстанда вакцина алмағандарды тексеру басталады
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, онда вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды деп хабарлайды Paryz.kz.

Алгоритм Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП-мен әзірленді.

Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған бұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19 вирусына қарсы екпенің бірінші компонентімен вакциналаудан өткендігін тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60%-дан азы COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен егілген кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

МТ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрондық платформасында жүзеге асырылады.

МТ объектіге шығу кезінде жұмыс беруші екпе алған және вакцинациялаудан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімдегі ПТР-зерттеулер, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады.

МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%, 1000-нан жоғары-кемінде 1%) «ASHYQ» қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.

«Жасылдан» басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинациясыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпарат (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар).