Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қазақфильм" ғимаратында тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?

Дереккөзге сүйенсек, мекеме бюджетінен ақша ұрланып, салық төлеуден жалтарған. 

"Қазақфильм" ғимаратында тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?
фото: ашық дереккөз

Студия кеңсесінде Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Екінші қабат түгелдей жабылған. Ол жаққа кіруге ешкімге рұқсат берілмеген. Қаржылық құжаттар мұқият тексерілу үстінде.

Дереккөзге сүйенсек, мекеме бюджетінен ақша ұрланып, салық төлеуден жалтарған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 190 миллион теңге.

Киностудия баспасөз қызметі тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде айтылған ақпаратты растамады.

"Қазақфильм" АҚ ғимаратта тінту жұмыстары жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Түсірілімге байланысты кеңсеге полиция қызметкерлері келді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.