Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Оралдық хоккей командасы ел кубогін иеленді

Дүйсенбі күні туған жерге оралған жеңімпаздарды жерлестері құрметпен күтіп алды.

Оралдық хоккей командасы ел кубогін иеленді
Фото: Томирис Сұлтан

Өткен жылғы маусымдық ойында қолаға қол жеткізген болса, биыл клубтың жаңарған құрамы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы  атанып, кубокты иеленіп қайтты. «Ястребы» тоғыз команданың арасында үздік шықты. Финалдық ойында еліміздегі ең мықты клуб саналатын «Барыстың» жастар командасын 2:0 есебімен ұтты. Командалық жеңістен бөлек, оралдықтардың жеке жетістіктері  де бар. Тимур Мейдер «үздік қақпашы» атанса, Игорь Залевский  «үздік қорғаушы» деп танылған.

  – Біз үшін маусымды жақсы бастап, сәтті жалғастыру өте маңызды. Жаңадан құралған командамыз өте жақсы деп санаймын. Алға қойылған міндетті орындап, кубокты иелену біздің қолымыздан келді. Ендігі мақсат – чемпиондықты иелену, – дейді  Игорь Залевский.

Хоккей клубының бас жаттықтырушысы Ринат Омарбековтың айтуынша, команда ойыншыларының 60 пайызы – жаңа ойыншылар. Өзгерістер жастар лигасының регламентіне байланысты  орын алғанын атап өту керек.

Томирис СҰЛТАН