Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Сонымен қатар ол Сабырхан Махмудқа Олимпиадада мүмкіндік бермегеніне өкінетінін айтты. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымжан Кенжебаев қызметінен кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Кенжебаев Instagram желісінде жазды.

Бас бапкер қызметінен өз еркімен кеткенін түсіндірді. Сонымен қатар ол Сабырхан Махмудқа Олимпиадада мүмкіндік бермегеніне өкінетінін айтты. 

Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол жастар құрамасын басқарды, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы ретінде белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасының нәтижесі бойынша, қазақстанның бокс құрамасы алтын медаль алған жоқ.