Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Аймағамбетов: Қаншама талапкердің ҰБТ нәтижесін жойдық және жоя береміз

Министр өткен жылдан бастап ҰБТ өткізу бойынша өте үлкен шаралар қолдана бастағандарын айтты.

Аймағамбетов: Қаншама талапкердің ҰБТ нәтижесін жойдық және жоя береміз
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Көпшілік талқыға салған биылғы ҰБТ туралы айтпас бұрын ең маңызды мәселені түсіну керек. Біріншіден, тестілеуде құқық бұзушылық болған жоқ. Яғни Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері заң бұзушылықтың алдын алып, ішкі істер органдарына хабарлады. 15 маусымда осындай жағдай болғанын БАҚ-қа тараттық. Бірақ біз құқық бұзушының аты-жөнін жарияламаймыз. Оның бізге еш маңызы жоқ, - деді ол.

Министр өткен жылдан бастап ҰБТ өткізу бойынша өте үлкен шаралар қолдана бастағандарын айтты.

Бұрын жеке куәліктегі фотомен түрі сәйкес келсе, талапкер ҰБТ-ға кіре беретін. Биыл 3 кезеңнен тұратын арнайы жүйе арқылы тексердік. Желтоқсан айына дейін тест тапсырушылардың видеоларын мұқият тексеретін боламыз. Кейбір талапкердің нәтижесін жойдық және жоямыз да. Біреуге ұнайды, енді біреуге ұнамайды. Бірақ тәртіп керек. Қатаң шараларды қолданудың арқасында биыл ондай келеңсіздіктерге жол берілмеді, - деді Білім және ғылым министрі.

Оның айтуынша, осындай заңсыз әрекеттерге барған ата-аналар жауапкершілікке тартылып жатыр.