Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақмола облысында құс фабрикасының тауықтары аштықтан жаппай қырылып жатыр

Ірі құс фабрикасы өңірді жұмыртқамен де, етпен де қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан.

Ақмола облысында құс фабрикасының тауықтары аштықтан жаппай қырылып жатыр
фото: ашық дереккөз

Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылындағы құс фабрикасында тауықтар аштықтан өліп жатыр. Жалақының үнемі кешігуіне байланысты қызметкерлер де кедейліктің кебін киіп отыр деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Құстарға екі аптада бір рет жем беріледі. Аштықтан күніне үш мыңға дейін тауық өледі.

Ендігі қызметкерлердің жалғыз міндеті – өлген құстарды торлардан шығару.

Құс фабрикасының қызметкерлеріне аштық қаупі төніп тұр – мұнда жалақы 50 мыңнан төмен, оның өзі екінші ай кешіктіріліп жатыр.

Бес жыл бойы жалақымызды уақтылы ала-алмай келеміз. Үнемі жалынамыз да жүреміз. «Күтіңіздер, бізді түсінуге тырысыңыздар» дейді. Бірде жемге ақша жетпейді. Уәделерге тойып болдық. Бізге зейнетақы да, сақтандыру қорын да төлемейді, түк жоқ, – дейді сұрыптаушы Ирина Фотт.

Ірі құс фабрикасы өңірді жұмыртқамен де, етпен де қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан. Басшылықтың айтуынша, күрделі проблемалар қыста құстардың жемі қымбаттаған кезде басталды, содан кейін бәсекелестер нарыққа шықты. Енді компания банкроттықтың алдында тұр.

Басында майлы дақылдардың жетіспеушілігі болды. Кейін президент экспортқа тыйым салғанда, біз оны қымбат болса да, алдық. Ресей жұмыртқалары нарықта көбейіп кетті. Қазір ол әлі де бар, сондықтан қазақстандық жұмыртқаның бағасы төмендеді, – деді «Агро-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ақылбеков.

Кәсіпорын басшылары тірі қалған құстарды сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Түскен қаражат жалақы бойынша берешекті жабады. Зауыттың өзі үш айға жабылады деп шешілді.