Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Мектепте балаларға вакцина қосылған сүт береді": Желідегі ақпарат жұртты шошытты

Осылайша, ата-аналардың келісімінсіз мектеп оқушылары жасырын түрде вакцинацияланатын көрінеді.

"Мектепте балаларға вакцина қосылған сүт береді": Желідегі ақпарат жұртты шошытты
фото: astana.gov.kz

Қазнет қолданушылары биылғы оқу жылында мектеп асханаларында балаларға коронавирусқа қарсы вакцина қосылған йогурт, айран және ряженка берілетіні туралы бейнероликті жаппай таратып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Осылайша, ата-аналардың келісімінсіз мектеп оқушылары жасырын түрде вакцинацияланатын көрінеді.

Ресейде ашытылған сүт өнімдері түрінде вакцина әзірлене басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сәуір және маусым айларында хабарланды. Ол кезде ғалымдар ерекше препараттар жасауды енді ғана қолға алған болатын. Бүгінгі таңда бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. COVID-19-дан қорғайтын йогурт, айран және ряженка әлі клиникалық сынақтан өткізілмеген және нарыққа шығарылмаған, - деп жазды stopfake.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай ашытылған сүт өнімдері мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тағам өнімдері түріндегі вакцина Қазақстан Республикасына әкелінген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Яғни, мектеп асханаларында коронавирусқа қарсы иммундауға арналған препараттар қосылған сусындар мен өнімдер ұсынылмайды.

Сонымен қатар Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.