Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Сезімін білдірген" әйел Нұрқаділовтің немересін пәтерінде азаптаған

"...Одан кейін бас салды. 1,5 сағат пәтерден шыға алмадым. Моральдық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да маған зәбір көрсетті..."

"Сезімін білдірген" әйел Нұрқаділовтің немересін пәтерінде азаптаған
фото: дереккөз

Өзінің лесби екенін жалпақ жұртқа жария еткен 30 жастағы блогер жақын адамынан таяқ жеген деп жазады Paryz.kzNege.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол "аяғындағы жарақатын қарап беремін" деген танысын еш күдіктенбестен үйіне шақырған. Алайда, тапа-тал түсте адам сенгісіз жағдайға тап болған. 

Басында бәрі жақсы болған. Бірақ кейіннен ол дүкенге барып, өзіне алкоголь сатып алды. Мен мұның арты жаман болатынын ойлаған жоқпын. Ол кезде күндізгі сағат 16.00 шамасы еді. Ішімдік ішкеннен кейін маған сезімі бар (өкінішке орай, жауапсыз) екенін айтып, шу шығара бастады. Одан кейін бас салды. 1,5 сағат пәтерден шыға алмадым. Моральдық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да маған зәбір көрсетті. Ол маған күш көрсетіп қана қойған жоқ, қолына пышақ алып қорқытты. Менің жарақатыммен оған қарсы тұру оңай болмады, - деді Нұрбүбі. 

Танысы Нұрбүбіге зәбір көрсетіп жатырмын деп ойламаған. Ол тек сөйлескісі келгенін жеткізген. 

"Менің жылағанымды ол дұрыс қабылдамады. Есікке жүгіріп көмек сұрап айғайлағанымда, мені бар күшімен итеріп жіберді. Басым қабырғаға тиді, сәл болмағанда сол жерде өліп кетер едім. Қолымдағы телефонымды тартып алды, бірақ мен құрбыма хабарлама жіберіп үлгергенмін", - деп жазды Нұрқаділова. 

Хабарламаны оқыған құрбысы пәтерге 30 минуттың ішінде келген. Ол уақытта Нұрбүбіні азаптаған әйел кетіп қалған.

Ол осы оқиғадан кейін өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізді. Алайда, әлі күнге дейін полицияға шағымданбаған.