Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол салған

Оған 5 жасар қызды зорлады деген айып тағылған болатын.

Күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол салған
Фото: dismas.ru

6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тергеліп, тұтқындалған күдіктінің денесі табылды.

"Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінен қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірығай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан жедел тергеу тобы келді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындады", - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 23 шілдеде Сәтбаев қаласының полициясына ер адам 5 жасар қызының жоғалғаны туралы арыз жазған болатын. Қызды іздеуге жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы және жүзден астам еріктілер қатысты. Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды. 27 шілдеде күдікті қамауға алынды.