Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды

Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беру үшін 20-25 минут уақыт кетеді.

Елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды
фото: ашық дереккөз

Бүгін, 1 қыркүйек елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтуде деп хабарлайды Paryz.kz, Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл халық санағын жүргізу кезінде алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылмақ.

1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді, - дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн режимінде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ қарастырылған. Алайда бұл азаматтар сауалдардың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі, санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі ғана жауап беретін болады, - дейді Ұлттық статистика бюросынан.

Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беру үшін 20-25 минут уақыт кетеді.

Ведомствоның хабарлауынша, азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жалпыұлттық санақтан кейін планшеттердің мектептер мен ауруханаларға берілетінін айтқан еді.