Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Арыстағы жарылыстан кейін үйі әлі жөнделмеген тұрғын жанайқайын жеткізді

Еске сала кетейік, 2019 жылы маусымның 24-і күні Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, салдарынан үш адам қаза тапты. Олар Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 

Арыстағы жарылыстан кейін үйі әлі жөнделмеген тұрғын жанайқайын жеткізді
фото: tengrinews.kz

Арыстағы жаралыс кезінде үйіне зақым келген тұрғындардың бірі жанайқайын жеткізді. Айтуынша, арада екі жылдан аса уақыт өтсе де, оның үйі қалпына келтірілмеген деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Арыстағы жойқын жарылыстан кейін үйі тұруға жарамсыз күйге түскен тұрғынның есімі - Сейілхан Шонжанов. 2019 жылы болған жаралыстан оның үйінің қабырғасы жарылып, дуалы қираған. Апаттан кейін құрылған мемлекеттік комиссия үйді тұруға жарамсыз деп таныпты. Үй иесінің сөзінше, содан бері ешқандай да құрылыс жүргізілмеген. Ал, өзі отбасымен сол уақыттан бері пәтер жағалап жүр. Төзімі таусылған ол, қазір жауапкершіліктен жалтарған мекемемен соттасып жатыр екен.

Соттан жеңіп шықтым, апелляциядан да жеңіп шықтым. Енді бұлар созып жатыр. Ешқандай құжат істелмеген, тағы алты ай сұрап жатыр. Келіп оценка жасамайсыңдар ма десек, "коронавирус" дейді, - деді Арыс қаласының тұрғыны Сейілхан Шонжанов.

Арыстықтардың дерегінше, 100-ге таяу үй жарылыстан кейінгі қалпында тұр. Теларнаның хабарлауынша, қалалық құрылыс бөлімі болса, бұндай жөндеу көрмеген үйлердің санын білмейтін болып шыққан.

Кейбір үйлердің мәселесін шешу мақсатында 17 секторға жауапты болып бекітілген облыстарға әкімдіктің атынан хаттар жолданды, - дейді Арыс қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Темірхан Сатыбалды.

Еске сала кетейік, 2019 жылы маусымның 24-і күні Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, салдарынан үш адам қаза тапты. Олар Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші.