Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұрислам Санаев үнді балуанын не үшін тістеп алғанын айтты

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді.

Нұрислам Санаев үнді балуанын не үшін тістеп алғанын айтты
фото: AFP

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жартылай финалдық белдесуді үндістандық Рави Кумарды не үшін тістеп алғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін жеңіліп жатқанда қалайда ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын. Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық. Кілемдегі қызумен үнділік балуанды қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым, - дейді ол. 

Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев 57 келіде сынға түсіп, жартылай финалда Рави Кумардан жеңілді. Қола медаль үшін өткен белдесуде болгариялық қарсыласынан басым түсті.