Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодарда көліктерге жалған құжат жасаумен айналысқандар ұсталды

Көліктер Павлодардағы айыппұл тұрағына қойылды.

Павлодарда көліктерге жалған құжат жасаумен айналысқандар ұсталды
фото: ашық дереккөз

Күдіктілер мінген көліктер Ресейде есепте тұрған деп хабарлайды Paryz.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, Павлодарға кіре берісте Нұр-Сұлтан тұрғындары тізгіндеген Toyota Estima маркалы екі көлік тоқтатылған.

Тексеру кезінде полицейлер аталған көліктердің техникалық құжаттарына күмәнданған. Ер адамдар жалған техникалық паспорттарды қолданды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.

Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы («жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Көліктер Павлодардағы айыппұл тұрағына қойылды.