Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қуанышқа толы жаз: Оралдық балаларға отбасы үлгісіндегі акция ұйымдастырылды

Оралда облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Қуанышқа толы жаз» атты акция ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған акция түрлі шараларды қамтыды. 

Қуанышқа толы жаз: Оралдық балаларға отбасы үлгісіндегі акция ұйымдастырылды

Акция барысында Балалар ауылы тәрбиеленушілер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ойын кезінде Ренат, Зинат Мамедов, Валентин Федотов, Артем Пустабаев, Николай Керцман, Жанайдар Баянгужин, Кирилл Ялов, Владислав Ермольчев есімді балалар белсенділіктерін көрсете білді. Жеңімпаз команданың ойыншылары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тәрбиеленушілер мемлекеттік нышандар мен ел астанасын қағазға түсірді. Шара соңында оларға қажетті  оқу құралдары жинақталған сөмке сыйға тартылды.

Карантиндік шектеулерге байланысты бұған дейін Балалар ауылы тәрбиеленушілерімен көптеген шараларды өткізу мүмкін болмаған еді. Шектеулердің жеңілдетілуімен «Интеграл» қоғамдық бірлестігі тәрбиеленуші балалардың  көңілін қуанышқа толтыру мақсатында шығармашылық және спорттық байқаулар, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыра бермек.

 Томирис СҰЛТАН