Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізде 12 жастан асқан балалар нысандарға Ashyq жүйесімен кіргізіледі

Бұған қоса, бұл санатқа Ashyq қосымшасынан бөлек EGOV mobile, Аitu платформасындағы баламаны, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz қосымшалары арқылы ashyq.kz сайтына ерікті түрде тіркелуге болатыны айтылған.

Елімізде 12 жастан асқан балалар нысандарға Ashyq жүйесімен кіргізіледі
фото: ашық дереккөз

Еліміздің бас санитар дәрігері 12 жастан асқан балаларға Ashyq қосымшасын пайдалануға рұқсат етті деп хабарлайды Paryz.kz

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы 12 жастан асқан балалардың компьютер клубтары, цирк, кинотеатр, балалардың сауықтыру орталығы, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасы арқылы ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз етсін, – делінген бас санитардың қаулысында. 