Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Мәсімов Павлодарда жанармай ұрлағандар ұсталғанын айтты

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады.

Мәсімов Павлодарда жанармай ұрлағандар ұсталғанын айтты
фото: видеодан скриншот

Павлодар полициясы жанар-жағармай ұрлаған жұмысшыларды ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Криминалды полиция басқармасы жанар-жағармай ұрлады деген күдікке ілінгендердің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Күдіктілер Павлодардың жанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын ұйымның қызметкерлері болып шыққан. 

Олар алдын ала схема құрып, сол бойынша әрекет еткен. Өздері тасыған жанармайды құйып алып, артынша басқа жаққа тасымалдаған, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша шығын 17 миллион теңгені құрайды.  

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.