Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкентте алаяқтық жасаған шенеунік айыппұл арқалады

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы әріптесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің соңына түскенін айтқан.

Шымкентте алаяқтық жасаған шенеунік айыппұл арқалады
фото: ашық дереккөз

Шымкентте салықтық бақылау бөлімінің бастығы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Үкім әл-Фараби аудандық сотында шығарылды деп хабарлайды Paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы әріптесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің соңына түскенін айтқан. Бірақ 5 миллион теңгеге басшы көмектесуге дайын болған, тіпті оны өз қорғауына алатынына уәде еткен. Бірақ қызметкердің бұлай жасауға батылы бармайды. Оның өзі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен көмек сұрап, кейінірек басшыға белгіленген ақша сомасын әкеліп берген.

Прокурор шенеунікті 6 жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот барлық жағдайды ескере отырып, айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар ер адам бұдан былай мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды.

Сот қылмыстық істің барлық материалдарын зерттей келе, оның кәмелетке толмаған төрт баласы бар екенін ескере отырып және шын мойындағанын есепке алып оған 150 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі соңғы жаза тағайындады. Сот бұл соманы өтеу үшін оған үш айға дейінгі мерзім берді, – дейді Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.